Нұрлан Ермекбаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылсын", - делінген Президент Жарлығында.
Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев 1963 жылы туған.
1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Мәскеудегі Әскери Қызылтулы институтының шығыс тілдері факультетін тәмамдаған.
1996 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының экономика факультетін бітірген.
Орыс, қытай, ағылшын және португал тілдерін меңгерген. Саяси ғылымдар кандидаты.
І сыныпты Төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық рангі бар.
1984-1985 ж.ж. – Ангола Халық Республикасында қызметтік іссапарда болды.
1986-1996 ж.ж. – КСРО Қарулы Күштері Бас штабы жүйесіндегі бөлімдерде қызмет етті.
1991 ж. КСРО ҚК қатарынан босатылған соң сыртқыэкономикалық компанияларды басқарған.
1993-1995 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Сауда өкілдігінің аға сарапшысы.
1996-1997ж.ж. – Австриядағы Қазақ сауда үйінің Алматы өкілдігінің директоры.
1995-1996 ж.ж. – Алматы сауда-қаржы банкі басқарма төрағасының кеңесшісі.
1997-1999 ж.ж. – «ЮНИТЭК ЛТД» ЖШС директоры.
1999-2001 ж.ж. – «Қазақстанның халық банкі» ААҚ-ның Қытай Халық Республикасындағы өкілдігінің басшысы.
2001-2003 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі.
2003-2004 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Сингапурдағы уақытша сенімді өкілі (Дипмиссия басшысы).
2004-2006 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.
2006-2007 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.
2007-2010 ж.ж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары.
2010-2012 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2012-2014 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.
2012-2013 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.
2012-2014 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Корея Халықтық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.
2014 жылдың қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.
Дипломатиялық рангы – Төтенше және өкілетті елші.