Баян Есентаеваның ісіне қатысты басты сот отырысы қыркүйектің 28-не белгіленді.
Танымал продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Баянды өлтірмек болды деген әкесін сотта қорғайтын болады, -деп мәлімдеді Бақытбектің қорғаушысы Бекболат Жексейітов,- деп хабарлайды Qamshy.kz ИА Новости-Қазақстанға сілтеме жасап.
Бүгін бұл қылмысты іске қатысты қосымша тыңдау отырысы өтті. «Қыркүйектің 28 - күні кезекті сот отырысы өтеді», — деп хабарлады ол және осы күні басты сот тергеуі болатынын да айтып өтті. Соттың жабық режімде өтетініне қатысты қандайда да бір пікір білдіруден қорғаушы бас тартты.
Еске салайық, Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған.
Оставить комментарий