Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақтөбеде «Наркескен тілмен жыр етем, Мәңгілік елдің мұратын» атты республикалық ақындар айтысы өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Ақтөбенің Жастар сарайында өткен жыр додасына Ринат Зайытов, Айбек Қалиев, Рүстем Қайыртай, Мұхтар Ниязов, Ершат Қайболдин, Оразбек Қиынбаев, Мақсат Аханов, тағы басқа ақындар қатысты.
Қазылар алққасының шешімімен республикалық жыр додасының сыйлық қоры 3 миллион теңге болатын Бас жүлдесін Шұғайып Сезімханұлы жеңіп алды.
Шұғайып Сезімханұлы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында туған. Түркістанда жоғары білім алған. Айтыс арыстаны Бекарыс Шойбековтің шəкірті. Қазір Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер Халықаралық Одағының қызметкері.
Оставить комментарий