Исламның ардақты пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) қайтыс болған күнінің жылдығында Иранда мұсылман қауым қара жамылды. Бұл туралы Parstoday-дің қазақ тіліндегі қызметі хабарлады.
Исламдық Иранның жер-жеріндегі пайғамбар әулетінің ізбасарлары Исламның ардақты пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) қайтыс болған күнінің жылдығында мешіттерге жиналып, хазірет пайғамбардың қазасын орай аза тұтты.
Бүгін, дүйсенбі 1438 жылдың сафар айының 28-ші жұлдызы,сәйкесінше 2016 жылдың қараша айының жиырма сегізі – Исламның ардақты пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) қайтыс болған күнінің жылдығы.
Исламның ардақты пайғамбары (с.ғ.с.) қайтыс болар бұрын х.қ.ж.с.б. 11 жылы үкімдер мен пайғамбарлық шариғаттың негіздерін жағымды тәсілдермен, байсалды әрі тиянақты түрде баяндап, дін мен жетекшіліктің негіздерін мүмкіндігінше жақсы тәсілмен таратуға талпыныс жасады.
ИИР-ның Телерадио ұйымы Исламның ардақты пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) қайтыс болуының жылдығына орай әлемнің барлық мұсылмандары мен басқа да азаттық сүйгіш халықтарына көңіл айтады.
Оставить комментарий