Порошенконың Донбас бойынша құпия құжаттары белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170709184534585_small.jpg

"Батькивщина" фракциясының басшысы Юлия Тимошенко «112 Украина» телеарнасына берген сұхбатында, Украина президенті Петр Порошенко минск келісімі аясында құпия құжаттарға қол қойды деп хабарлады. Юлия Тимошенконың мәліметінше, келісім-шартта Украинаның қорғаныс жағдайы қарастырылмай, саяси міндеттерді орындау туралы жазылған. Онда Донбастағы сайлау мен оның ерекше жағдайы туралы да мәліметтер бар екенін айтты.

«Минск келісімі бойынша барлығы тығырыққа тірелді. Себебі, президент құпия құжаттарға қол қойды. Ол жөнінен халық бейхабар. Батыс, шарттардың орындалуын күтіп отырғандығын түсінді. Ал Украина халқы үшін ол тиімсіз», дейді Юлия Тимошенко. Оның ойынша, Порошенко мен Ұлттық банк жемқорлықты гүлдендіріп отыр. Қыркүйек айының соңында Украинаның БАҚ   "Батькивщины" Киевте жаңа майдан жасауды жоспарлап отыр, деп жазған болатын.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи