Енді аналар жатырдағы баласын 3D арқылы көре алады

/uploads/thumbnail/20170709200521605_small.jpg

Виртуальды шындық – Facebook компаниясы жақында ұсынғандай видеоойындар мен әлеуметтік сервистер ғана емес. Бұл технология барлық салада, тіпті, тұрмыстық жағынан қызметтерін кәсіби тұрғыда ұсына алады. Жақында ана мен әке атанатындар әлі туылмаған балаларын жан-жағынан бақылап, көргілері келетін шығар.   

Финляндияның біршама жас ата-аналары дүниеге келетін баласының толық 3D көшірмесін жасап, одан кейін алынған модельды виртуальды шындықтың ішіне көшірді. Одан кейін оны егжей-тегжейлі бақылай алады және ата-әжелеріне де көрсете алады.

Не екені анық көрінбейтін ақ-қара УЗИ-суреттерін туыстарыңа көрсеткеннен гөрі мұндай тәсіл әлдеқайда қызықты екеніне келісетін шығарсыз. Баласын экраннан көрген басқа, ал оның толық пішінін көз алдыңда тұрғандай әсер қалдыратындай тамашалау мүлдем басқа.

Мұның тек қана 3D-модель екенін түсінсе де, ата-аналар сөзбен жеткізе алмас үлкен әсер алады. 

Связанные Статьи