Астанада қысқы Универсиада-2017 Алауының Эстафетасы өтті

/uploads/thumbnail/20170709200528586_small.jpg

2017 жылғы 25 қаңтарда Астанада 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 Алауының Эстафетасы өтеді.

Алау эстафетасы сағат 11:00-де Назарбаев Университетінен басталып, қала әкімдігінің маңындағы алаңда аяқталды. Алауды белсенді студенттер мен астаналық спортшылар, барлығы 60 адам алып өтті. Соның ішінде есімдері елге аян Василий Левит, Мадияр Ибрайымбеков, Мөлдір Мекенбаева сияқты спортшылар бар.

Эстафета 2 кезеңге бөлінді. Ол Қабанбай батыр даңғылы - Достық к-сі - Қонаев к-сі - Бараев к-сі - Республика даңғылы- Кенесары к-сі сынды қаланың орталық көшелерімен өтті. Алау эстафетасының жалпы ұзындығы - 12 шақырымды құрады.

Бірінші кезең аяқталысымен «Бәйтерек» монументінің алдында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған концерттік бағдарлама қойылды.

Екінші кезеңде алау республикалық штаб өкілдеріне табысталып, 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік Универсиаданың ашылу салтанатына қатысу үшін Астана-Алматы әуе рейсімен оңтүстік астанаға жөнелтілді.

 

Связанные Статьи