2016 жылы Қазақстанға қанша қазақ көшіп келгені белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170709201207125_small.jpg

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі 2016 жылы Қазақстанға қанша қандасымыз көшіп келгені туралы ақпарат таратты. Оған сай, өткен жылы 16 мың 417 отбасы немесе 33 мың 754 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды.

Қазақстанға келген қандастардың көпшілігі, яғни 65,5%-ы Өзбекстаннан келген. Сондай-ақ, 24,9%-ы – Қытайдан, 3,2%-ы – Түрікменстаннан, 2,7%-ы – Моңғолиядан, 3,7%-ы өзге елдерден оралған. Олардың басым бөлігі, яғни 33,9%-ы – Оңтүстік Қазақстан облысына, 25,4%-ы – Алматы облысына, 10,6%-ы – Маңғыстау облысына, 5,8%-ы – Жамбыл облысына, 24,3%-ы еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанды. Елге оралған қандастарымыздың 65,4%-ы еңбекке қабілетті жаста болса, 16 жасқа дейінгілері – 28,6%, зейнеткерлер 6%-ы құрайды.

Еңбекке жарамды этникалық қазақтардың 10,8%-ының жоғары білімі бар болса, 20,3%-ында орта арнаулы білім бар, 65%-ы жалпы орта білімі бар азаматтар, ал 3,9%-ының білімі жоқ. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи