Бейнекамералардың көмегімен 33 мың құқық бұзушылық анықталған

/uploads/thumbnail/20170709201231527_small.jpg

Өткен жылы бейне камералардың көмегімен  33 мың кішігірім құқық бұзушылық анықталды деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Жергілікті полиция қызметі қаладағы бейнекамералар көшедегі құқық бұзушылықтарды анықтауға көмектесетінін айтты.

«Қазір қалада 74 мың 490 бейнекамера бар. «Қауіпсіз аула» принципі бойынша Алматы қаласы бойынша 7 мың аулада 68 мың камера орнатылған. Тағы 36 мың бейнекамера 7 мың түрлі аймақтарда бар. Мұның барлығы қаладағы тәртіп пен  қауіпсіздікке жақсы әсер етеді. Өткен жылы бейнекамераның көмегімен 357 қылмыс, 34 мың 290 әкімшілік және 32 мың құқықбұзушылық, 997 жол ережесін бұзғандар анықталды» деп хабарлады Алматы қалалық полиция қызметі.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи