«Адам өлтіретін сағыз» Ресей дүкендерінде сатылымда жүр

/uploads/thumbnail/20170710001514061_small.jpg

Ресейдің Приморье аталатын ауданында дүкендерді тексеру процесі қызу жүріп жатыр. Оның себебі соңғы уақыттары сыртқы қаптамасында қауіпті әрекеттерге үгіттейтін сағыздар таралып кеткен.  Бұл туралы «Қамшы» порталы  РИА Новости-ға сілтеме жасап. Екі апта ішінде осы өте қауіпті сағыдар аумақтағы ондаған дүкендерде  жақсы сатылыпты.

Осының алдында, Ресейдің басқа да: Краснодар, Сахалин, Оренбург, Астрахань аумақтарындағы дүкендерде «Five. Шындық немесе әрекет» аталатын сағыздар сатылған. Wrigley компаниясы шығаратын бұл сағыз қорапшасының сыртында «биік ғимарат үстіне шық та, өлер алдында не істеу керек екенін ойлан» деген секілді суицидке үгіттейтін жазбалар бар екені анықталған.

Wrigley  компаниясы өз кезегінде Five сағыздарын сатылымнан алып жатқандықдықтарын,  тауарлары енді өте аз мөлшерде ғана қалғанын айтқан.

Сонымен бірге, тауарды өндірушілер сағыз сыртындағы шарттарда барлығын қауіпсіз түрде орындауға болатындығы жазылған деп ақталады.

Тауардың лицензиясын тексеретін арнайы ұйымның өкілі Елене Коваль 17 наурыз күні ата-аналар тарапынан осы сағызға қатысты арыздар түскен. Сараптама нәтижесінде белгілі болғандай, бұл сағыз қаптамасының сыртында расында да өмірге қауіп төндіретін әрекеттерге үгіттейтін  жазбалардың жазылғандығы белгілі болды. Қазіргі уақытта осы тауарды сатылымнан алу мәселесі жүргізіліп жатыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи