Жамбыл облысында 73 эскиздік жоба келісуден өткізілді

    Assem Almuhanbet
    Жамбыл облысында 73 эскиздік жоба  келісуден өткізілді

    Екінші саты 20 күн – эскиз жобаны мақұлдау бекітілген стандартқа сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі №155 қаулысымен бекітілген регламенті әзірленіп, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері тарапынан жүзеге асырылады.  Бұл туралы облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Асқар Рыспаев өңірлік ӨКҚ-де өткен брифингте мәлімдеді деп хабарлайды qamshy.kz.

    Өтінішті қарау және техникалық және технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі 9 жұмыс күнінен аспайды.

    Өтінішті қарау және техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі 14 жұмыс күнінен аспайды.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

    Көрсетілетін қызметті алушыға (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

    Сондай-ақ, үшінші саты 10 күн – рұқсаттың өзі, тапсырыс берушімен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынақұрылыс монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарландыру (уведомления) берілуі 10 күн ішінде жүзеге асырылады.

                2016 жылғы берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасының жалпы саны – 875;

                Оның ішінде:

                - жеке тұрғын үйге – 152;

                - кәсіпкерлік объектілерге – 202;

                - қоғамдық ғимараттарға – 69 және т.б. объектілер;

     

    «Эскиздік жобаны келісуден өткізу» 20-күн.

                Қалалық немесе аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі қасбетті (фасад) келісуден өткізеді.

                2016 жылы жалпы саны 73 эскиздік жоба келісуден өткізілді.

                Оның ішінде:

                - жеке тұрғын үйге – 19;

                - кәсіпкерлік объектілерге – 31;

                - қоғамдық ғимараттарға – 23, - деп сөзін түйіндеді басқарма басшысы Асқар Мақшанұлы.

     

    Қатысты Мақалалар