Алматы тауларында қар көшкіні болуы мүмкін

    Nazerke Labihan
    Алматы тауларында қар көшкіні болуы мүмкін

    Құтқарушылар Алматы облысының тауларында қар көшкіні болуы мүмкін деп ескертті. Қар басқан тау шыңдарына шығуға кеңес берілмейді, деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ ТЖК-нің сайтына сілтеме жасап.

    «Алматы облысының таулы аймақтарында қар жамылғысының қалың болуы және жауын-шашын салдарынан 6 сәуірде қар көшкіні болуы мүмкін. Тауда абай болыңыздар!»,-делінген хабарламада.

    Синоптиктердің ақпараты бойынша, сәуірдің 6-сы мен 7-сі күндері республика аумағына Ресейдің арктикалық жағалауынан суық және ылғалды ауа келіп түседі. Сондықтан да, облыстың басым бөлігінде бұрынғыдай жаңбырлы ауа-райы болып, кей жерлерде жаңбыр, ылғалды қар жауып, тұман түсіп, ауа температурасы 2-4 градус нормадан төмен болады.

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025