Халықаралық деңгейдегі өзбек аспазшысын өз елінде сақал өсіргені үшін қорлауда

/uploads/thumbnail/20170710014212675_small.jpg

37 жастағы халықаралық деңгейдегі Ферғана облысы Риштан ауданының тумасы Шерзод Мадаминов есімді аспазшы 1 сәуір күні «қабылдау бөліміне» келіп билік тұлғалары отыратын жерден жұмыс беруін сұрап келген болатын. Аспазшының айтуынша, облыс әкімі Шухрат Ғаниев оны жұрттың көзінше сақал өсіргені үшін айыптап, күлкі қылған, деп хабарлайды centralasian.org. Мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынады.

Шерзод Мадаминов бірнеше жылдар бойы Ресейдің түрлі мейрамханаларында жұмыс істеп, өзінің аспаздық өнерін дамытқан. Сонымен қатар РФ президенті Владимир Путиннің қатысуымен өткен түрлі ресми іс-шараларға ас әзірлеген. Алайда, Өзбекстанға оралғаннан соң жұмыссыз қалып отыр.

«1 сәуір күні «қабылдай бөлмесіне» барғанымда Риштан ауданындағы дәмханаларға шақырту алдым. Дегенмен, мен билік өкілдерінің ас үйінен жұмыс тапқым келіп еді», - дейді Шерзод Мадаминов.

Оның айтуынша, «халықты қабылдау бөлмесінің» өкілі оған несие алып, жеке кәсібін ашуға кеңес беріпті.

«Мен қатты қуанып кеттім. Алайда, кенеттен Ферғана облысының әкімі Шухрат Ғаниев орнынан тұрып келді де, менің қасыма жақындап келіп: «Мынау не?» деп сұрады. Менің сақалым жайлы сұрап жатқандығын бірден аңғардым да, «бұл – эспананолька» деп жауап бердім. Менен екінші қайтара сұрағанында, қайтадан солай жауап бердім. Сосын ол жұрттық көзінше маған: «Сақалдарыңда қырып, біз секілді дұрысталып, адам сияқты болып келгеннен соң несие аласыңдар» деп айтты. Қатты ашуланып кеттім де, сыртқа шықтым», - деп мәлімдеді Шерзод Мадаминов.

Аспазшының айтуынша, облыс әкімінің сөздерінен кейін өзінің туған ауданы Риштан тұрғындары оны мазақтай бастаған.

«Мен барған күні қабылдау бөлімінде адамдар көп болатын. Енді адамдар мені көрген кезде бетіме қарап күледі де, «Әлі күнге дейін дені дұрыс адам болмағансыз ба?» деп айтады. Мен облыс әкімінің үстінен сотқа арыз жазбақ болып едім, алайда оған қарсы шыққысы келетін бірде-бір адвокат таба алмадым. Мен әлемнің көп жерлерінде жұмыс істегенмін, алайда ешбір жерде мені дәл бұлай қорлаған емес», - деп шағымданды Шерзод Мадаминов.

Аударған: Назерке Лабихан

Оставить комментарий

Связанные Статьи