Путин: Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағын бірігіп қолдану ұсынысын қолдаймыз

/uploads/thumbnail/20170710023352113_small.jpg

Қазақстан мен Ресей Байқоңыр ғарыш айлағын бірігіп қолдануды әрі қарай жалғастырады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин Бішкектегі Евразия экономикалық кеңесінің отырысында мәлімдеді.

«Нұрсұлтан Әбішұлы, біз сіздердің Байқоңыр ғарыш айлағын бірігіп қолдануды жалғастыру туралы ұсыныстарыңызды қабылдаймыз. Және осы бағыттағы жұмыстарды кеңейте түсуді мақсат етіп отырмыз», - деді ол өз сөзінде.

Оған қоса, екі елдің осы бағыттағы жұмысын күшейту туралы: «Біз тек Байқоңырды ұзақ мерзімге пайдаланып қана қоймай, сіздермен бірігіп ғарыштық зымырандардың жаңа үлгілерін жасап шығаруды көздеп отырмыз» - деді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи