Иерусалимде психологиялық ауытқуға ұшыраған ер адам жолаушыларға тап берген. Бұл туралы Қамшы ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Шабуыл нәтижесінде 25 жастағы жас қыз бірнеше пышақ жарақатын алған. Британ азаматшасы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Жараланғандардың ішінде 50 жастағы ер адам мен 30 жастағы жүкті әйел бар.
Қылмыстық іс жасаған адам оқиға орнынан қашпақшы болған, алайда оны құқық қорғау органдары бірден тауып алған.
Тергеу мәліметтер бойынша, шабуылды жасаған 57 жастағы жергілікті тұрғын. Ол психологиялық ауруға шалдыққаны анықталды.
Осыдан біраз уақыт бұрын дәл осындай жағдай Палестинада тіркелген болатын.
Оставить комментарий