Филипп Конте: «Африка елдері өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын»

/uploads/thumbnail/20170815143002062_small.jpg

Африка қарқынды дамушы және басқа мемлекеттермен дипломатиялық қатынасты нығайтуға дайын континент деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Африка континенті дамудың инвестициялық орталығы болып табылады. Бұл туралы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме аясындағы Африканың Ұлттық күні барысында Сьерра Леоне Республикасының Бас комиссары Филипп Конте атап өтті. Өз сөзінде Филипп Конте Африка материгінің экономикалық өсімінің оңды серпіні туралы баяндады және ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстан мен Африка елдері, сондай-ақ, көрменің басқа да қатысушылары арасында өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер беретініне сенімін білдірді.

«Еліміздің экономикасы, өндіріс және жекелеген сауда секторлары қарқынды дамуда. 2016 жылғы статистика бойынша ЖІӨ өсімі 2016 жылы 2,2%, ал осы жылы 3,4% құрады, 2018 жылы көрсеткіш 4,4% болады. Мемлекетіміз инвесторларға ашық және нәтижелі серіктестікке дайын. ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуымыз барлық қатысушы мемлекеттермен өзара тиімді ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді», – деді Филипп Конте.

Өз кезегінде ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев: "Қазақстан Африка континенті елдерімен қарым-қатынастардың дамуына ерекше назар аударады", – деп хабарлады. Қазіргі кезде Қазақстан Африканың 45 елдерімен қарым-қатынас орнатты. Сондай-ақ, Рәпіл Жошыбаев өз сөзінде Африканың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы – екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға серпін беретіндігін атап өтті.

«Африка Плазасы – келушілер саны ең көп көрме нысандарының бірі. ЭКСПО-2017 көрме қонақтарының аталған павильонға қызығушылығы жоғары. Африка Плаза көрмеге келушілерді мәдени бағдарламасы мен сан түрлі тағамдарымен және экспонаттарымен қызықтырады. Африка елдерінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы Қазақстан мен Африка қарым-қатынастарының дамуына және ғылыми-техникалық тәжірибе алмасуына жаңа серпін береді», – деп қорытындылады Рәпіл Жошыбаев.

Африка континентін ЭКСПО-2017 көрмесінде 25 ел таныстырады, олардың ішінде 13 мемлекет Ұлттық күндерін атап өтті. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи