Түркия президенті Тайып Ердоған АҚШ басшысы Дональд Трамппен БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының аясында кездесуге келіскендерін мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Біз телефон арқылы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту жайын талқыладық. Біздің стратегиялық серіктестігіміз қарым-қатынасымыздың ашық үлгісі. АҚШ президентімен аймақтық мәселелерді, Мьянмадағы оқиғаны сөз ете отырып, осыған орай АҚШ-тың да не ойлайтыны маңызды екенін жеткіздім. БҰҰ Бас Ассамблеясы барысында кездесіп, үлкен мәселелерді талқылайтын боламыз. Бұл екі мемелкет үшін де маңызды кездесу болмақ», – деді Ердоған журналистерге.
Айта кетейік, Бас Ассамблеяның 72-сессиясы 12 қыркүйекте БҰҰ штаб-пәтерінде ашылады. Жоғарғы деңгейдегі апта аясындағы жалпы саяси пікірталас 19 қыркүйекте басталады.
Оставить комментарий