Лондонда террористерге төтеп беретін құрылғы ойлап тапты

/uploads/thumbnail/20170912185928429_small.png

Жақын күндері британдық астананың көшелерінде террористерден қорғанатын арнайы қалқандар орналастырылатын болады.

Ұлыбритания полиция қызметінің арнайы Твиттер-аккаунты мәлім еткендей, жаңа құрылғыға «Коготь» деген атау берілген.

Құрастырушылардың пікірінше, аталмыш құрылғыны орналастыру оңай, екі адамның қолынан келетін іс.

Қалқанның үстінен жүріп өткен көліктің дөңгелектері істен шығып, көлік қозғалысы дереу тоқтатылады.

Бүгінде «Коготь» Лондонның Уэйкхол көшесіндегі Ұлыбритания үкіметтік бөлімдерінің жанына орналастырылған.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи