Грузия елдің атын Сакартвело деп өзгертуді қалайды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Neue Zuercher Zeitung басылымына сілтеме беріп. Грузия атауы тұрғындарға Ресейдің 200 жыл бойы үстемдік құрғанын еске салады екен.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Грузияның СІМ ынтымақтас елдерді Грузияны Скартвело деп атауды сұраған. Ол уақытта тек Оңтүстік Кореяға ғана өтінішін қабылдаған. Енді 2018 жылдан бастап Литва да Грузияны жаңа атаумен атамақшы.
Сакартвело атауы Картли сөзінен шыққан. Картли – Грузияның маңызды тарихи-географиялық облысы болып есептеледі. Грузияның еуропалық Georgia атауы Қасиетті Георгийдің атымен байланыстырылады.
Батыста оны америкалық Джорджия штатымен шатастырады. Ағылшын тілінде екеуі бірдей жазылады.
Оставить комментарий