Қырғызстан билігі Қазақстанмен шекарадағы жағдай турасында Дүниежүзілік сауда ұйымына шағым түсірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Бүгін, 17 қазанда Қырғыз Республикасының билігі Дүниежүзілік сауда ұйымының хатшылығына қырғыз-қазақ мемелекеттік шекарасында орын алған жағдайға байланысты ресми шағым түсірді.
Шағымның негізі Қазақстан Республикасының тарифтер мен сауда туралы келісімнің негізгі нормаларын және Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы келісімді бұзуы болды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 10 қазанда қазақ-қырғыз шекарасында фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау күшейтілді, Қырғызстанның бес сүт өңдеу зауытының өнімдерін жеткізуге тыйым салынды.
11 қазанда Қазақстан ҰҚК шекарадағы жағдайды «жоспарлы операция» деп түсіндірген. Бұл операцияның мақсаты – шекаралас аумақта заңсыз әрекеттерді болдырмау, контрабанда және басқа да қылмыстық әрекеттермен айналысатын адамдарды анықтау, шекаралық режим мен көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау», деп хабарлаған еді ҰҚК шекара қызметінде.
Оставить комментарий