Америкалық ғалымдар кофе ішу жүрек ауруларының алдын алатынын хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ғалымдар жаңалықтарымен EurekAlert сайтында бөлісті.
Ғалымдар аптасына қосымша ішілген бір кесе кофеден инфаркт 7 пайызға, ал инсульт 8 пайызға қысқаратынын мәлімдеді.
Айта кетсек, жүрек қан тамырлары ауруы әлем бойынша өлім санын арттырып, жыл сайын осы ауруға шалдығатын адамдар қатары жылдам өсуде.