Шетелде бой тасалап жүрген жемқорларды елге қайтару – әр мемлекет үшін актуалды мәселеге айналған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Астанада өткен xалықаралық конференцияда жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер мәселелерін талқылау барысында айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта деффрациялау және шетелдік банктердегі иелерінің шоттарын анықтау бойынша белсенді жұмыстар атқарылып жатыр.
Соңғы жылда шетелге қашқан 205 жемқордың 152-сі елге қайтарылған. Әлі күнге дейін жемқор министрлер мен әкімдер шетелде тығылып жүр. Олардың барлығы 8 млрд доллардан астам қардыны жымқырып кеткен.
«Әрине, бірінші кезекте ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Әблязов пен Храпуновтарды атап өткен жөн. Бүгінде олар саяси баспананың арқасында жазадан құтылып кетеміз деп ойлайды. Бірақ біз олардың жазадан құтыла алмайтынына сенімдіміз. Біз шетелдік әріптестерімізбен бірлесе отырып, әрбір жемқордың тиісті жазасын береміз, - деді Қайрат Қожамжаров.
Осы уақытқа дейін Қазақстан жемқорлар мен олардың активтерін қайтару бойынша 40-тан астам мемлекетпен xалықаралық келісімді рәсімдеді. Әріптестердің ішінде Испания, Түркия, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірліктері, Литва және тағы басқа елдер бар.
Қожамжаровтың айтуынша, Әблязов осы жылдың маусымында сот шешімімен айыпты деп танылды.
«Онда Әбілязовпен, оның сыбайластарының мемлекеттік бюджеттен миллиардтаған қаржыны алып шыққандары туралы схема көрсетілген. Қазіргі таңда ол шетелде жүр, алайда біз Ба прокуратура және өзге де органдармен бірлесе отырып, Әбляовты сот алдына әкелу үшін жұмыстар атқарудамыз. Бұл ісіміз оң нәтижесін беретініне сенімдімін», - деді Қожамжаров.