25 жастағы Сильвия Баталланың сәбиі көз жұмғанда, әйелдің баласын жерлеу үшін ақшасы болмаған. Сол себепті Сильвия сәбидің денесін пакетке салып, өзі дүниеге келген Пуэбла қаласына жеткізбек болады. 140 шақырым жолда әйел өлі сәбидің денесін автобуста ұстап отырған. Бұл туралы жергілікті БАҚ жазады.
Сильвия сырқат сәбиін аман сақтап қалу мақсатында оны орталық ауруханаға апармақ болады. Алайда сәби ауруханаға жетпей жүрек ауруынан қаза тапты. Таксиге ақшасы болмаған әйел сәбидің денесін туған қаласында жерлеу үшін автобуспен жетпек болған.
Мұны білген автобус жүргізушісі жағдайдың мән-жайын түсінбей алдымен полицей қызметкерлеріне хабарласады. Кейін сәбидің ұзақ уақыттан бері өлі жатқаны анықталып, әйелдің автобустан түсуіне тура келеді.