Терроризмді насихаттады деген күдікпен Астананың 3 тұрғыны ұсталды

    Assem Almuhanbet
    Терроризмді насихаттады деген күдікпен Астананың 3 тұрғыны ұсталды

    28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде терроризмді насихаттау деген күдікпен Астана қаласының үш тұрғыны құрықталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

    Аталған тұлғалар өз ортасында халықаралық террористік ұйымдарды қолдау мен олардың іс-әрекеттеріне қатысу үшін шетелге баруға шақырған.

    Қазіргі таңда сұрау, тінту және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде.

    Қылмыстық топпен байланысты өзге де тұлғалардың құқыққа қайшы іс-әрекеттерге қатыстылығы тексерілуде.

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025