Францияның танымал жиһадшысы Том Брануинді сириялық күртте ұстады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме беріп.
Брануин исламға жаңа кірген тағы екі адаммен осыдан 10 күн бұрын Сирияның солтүстік-батысында ұсталған. 2006 жылы ол француздық басқа жиһадшылармен Иракта ұсталып, 6 жылға сотталған. Алайда бостандыққа шыққан соң, жиһадшы қайта ДАИШ террористік тобына қосылу үшін, Сирияға әйелі, балаларымен аттанған.
2014 жылдан бері француздық 1,7 мың азамат ДАИШ-ке қосылған. Олардың 278-і ұсталып, 302-сі елдеріне қайтып оралған.