ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылы трансплантология саласында қандай өзгерістер болғанын айтып берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі caravan.kz-ке сілтеме жасап.
Қазіргі таңда Қазақстанда ағзасын ауыстыруды қажет ететін 3457 адам бар. Олардың 2765-і бүйрегін, 546-і бауыр, 135-і жүрек және 11–і өкпесін, 2 адам жүрек-өкпесін ауыстыруға кезекте тұр.
2017 жылы тек бір адам трансплантациядан кейін көз жұмған. 2017 жылдың аяғында ағзаны ауыстыруға арналған 300 операция жасалынды. Оның 16-ы реципиент үшін өліммен аяқталды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, реципиенттердің 30%-40% өлім құшажы. Бұл көрсеткіш трансплантология саласында көш бастап тұрған АҚШ, Жапония және Испаниямен бірдей.
Оставить комментарий