ШҚО-да синтетикалық есірткі сатқандар қолға түсті. Жазасы қандай болмақ?

/image/2019/08/13/troikh_torgovtsev_sintetichesk-_1_.jpg

 

ШҚО полиция қызметкерлері шартты түрде «жылдамдық» («скорость») деп аталатын психоактивті заттарды сатқан азаматтарды құрықтады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Үш азаматтың тұрғылықты мекен-жайын тінту барысында синтетикалық есірткінің жаңа түрінің ірі мөлшердегі дозасы табылған. Есірткінің бұл түріне үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап тыйым салынған.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 297-бабы бойынша (Есірткі, псиактивті заттар, қоспаларды заңсыз сату, тарату, жасау) қылмыстық іс қозғалды.

Шенділер 2019 жылдың шілде айынан бастап Қазақстанда есірткі заттарының жаңа түрлерімен қоса тыйым салынған тізім жасауды және тапсырманы жедел күшіне енгізуді міндеттейтін заңға өзгеріс енгізілгенін ескертті.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында наркополицейлер синтетикалық есірткіні таратуға қатысты 56 фактіні анықтады. Оның 26-сы сатумен айналысқан. 2,6 кг астам психоактивті заттар тәркіленген.

Оставить комментарий

Связанные Статьи