Корнавирустан тағы бір адам көз жұмып, жұқтырғандар саны күрт көбейді

    Корнавирустан тағы бір адам көз жұмып, жұқтырғандар саны күрт көбейді Көрнекі сурет

    5 сәуір күні Шымкентте коронавирустан бір адам қайтыс болды. Бұл ақпаратты  денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ведомствоның дерегінше, марқұм 1964 жылы туған. 

    Қазақстанда осылайша корнавирустан қайтыс болғандар саны 6 адамға жетті. Бұған дейін 26 наурызда Ақмола облысыда 64 жастағы әйел адам көз жұмды. Кейін 31 наурызда Нұр-Сұлтанда бір адам, 1 сәуірде Қарағандыда бір адам қайтыс болды. Ал кеше, 4 сәуірде Түркістан және Ақмола облысында екі адам көз жұмды. 

    Соңғы дерек бойынша, елде вирус жұқтырғандар 569 адамға жетті. Індеттеің елдегі бар аймаққа тарады. Ең көп жұқтырғандар Нұр-Сұлтан және Алматыда:

    • Нұр-Сұлтан қаласы – 219
    • Алматы қаласы – 115
    • Қызылорда облысы – 31
    • Қарағанды облысы – 31
    • Түркістан облысы – 29
    • Жамбыл облысы – 28
    • Солтүстік Қазақстан облысы – 25
    • Атырау облысы – 23
    • Ақмола облысы – 23
    • Шымкент қаласы – 13
    • Ақтөбе облысы – 10
    • Алматы облысы – 10
    • Шығыс Қазақстан облысы – 5
    • Маңғыстау облысы – 3
    • Батыс Қазақстан облысы – 2
    • Қостанай облысы – 1
    • Павлодар облысы – 1

     

     

    Қатысты тегтер :

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025