Алматы қаласында коронавирустан үшінші адам қайтыс болды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.
"Үшінші науқас қайтыс болды. 1960 жылы туған науқас 8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық ауруханасында ауыр жағдайда уақытша бөлімде емделді. Біздің көмекке кеш жүгінді", - деді әкімі онлайн конференция барысында.
Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 1331-ге жетті.
Оставить комментарий