“Індеттің бары рас”. Мейрамбек Бесбаев жағдайы туралы айтты

/image/2021/01/21/crop-22_745_592x789_bbc6f03b-7814-453d-bcce-c36ae0b5e4d3.png

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, әнші Мейрамбек Бесбаев коронавирустан тезірек сауығып кетуін тілеген қазақстандықтарға алғысын білдірді.

– Ең әуелі еміме шипа беріп, ел қатарына қайта қосқан Аллаға сансыз шүкірлік. Менің тілеуімді тілеп отырған ата-анама, отбасыма, бауырларыма, өнердегі аға-әпкелеріме, достарымамың алғыс. Ес білгелі бері  елім алақанына салып әлдилеп келеді.

Қадірлі ағайын, сіздердің тілектеріңізге басымды иіп рахметімді айтамын. Ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз. Індеттің бары рас. Сақтаныңыздар. Күтініңіздер, – деді әнші М. Беспаев.

Бұған дейін, 17 қаңтар күні әнші коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскені, артынша жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи