Қазақстанның 8 өңірі коронавирустың “қызыл” аймағына кірді

    Нұрсұлу Темірханқызы
    Қазақстанның 8 өңірі коронавирустың “қызыл” аймағына кірді Фото: Ашық дереккөз

    Қазақстанның сегіз өңірі коронавирустың таралу қаупі бойынша "қызыл" аймаққа енді.

    Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 6 облыс пен 2 қала "қызыл" аймақта. Атап айтқанда, Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары "қызыл" аймақта тұр.

    "Сары" аймақта –  Қарағанды мен Алматы облысы бар.

    Ал қалған өңірлер "жасыл" аймақта.

    Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы ақпаратынша, елде коронавирус инфекциясын тағы 1480 адам жұқтырған. 

    коронавирус матрицасы

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025