Сағынтаев "Aport" сауда орталығының неліктен жұмыс істеп тұрғанын айтты

    Айзада Бидан
    Сағынтаев "Aport" сауда орталығының неліктен жұмыс істеп тұрғанын айтты Фото: Ашық дереккөз

    Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев "Aport" сауда орталығының карантинге қарамай жұмыс істеп тұруының себебін түсіндірді.

    – Бизнес өкілдерімен күнде кездесулер өтеді. "Aport" сауда орталығында жұмыс істеп жатқандар сол жерден қауіпті індетті жұқтырып жатқанын айтты. Қателеспесем, Қаскелең қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша 29-30 наурыз күндері сауда орталығы жабылған. Сосын әр шешім облыстың эпидимологиялық жағдайына қарай қабылданады, – деді ол.

    Бүгін 2 сәуір Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың қатысуымен "Қаладағы эпидемиологиялық жағдай және COVID-19-дың одан әрі таралуына жол бермеу шаралары" жөнінде онлайн-брифинг өтті. 

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025