«Аға, сізге бере салсам бола ма?»: Мақпал Жүнісова Тоқаевқа қандай сыйлық берді?

/uploads/thumbnail/20260521204323492_big.webp Фото: скриншот inst: aqdariga

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ өнер майталмандарына мемлекеттік атақ пен жоғары наградаларды салтанатты түрде табыстаған болатын. Марапатталғандардың қатарында Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова да бар. Ол екінші дәрежелі «Барыс» орденімен иеленді. Алайда, белгілі болғандай, эстрада жұлдызы Ақордаға құр қол келмеген болып шықты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Ақорда» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Ақдариға Мұхаддас салтанатты шараның ең әсерлі сәтін видеоға түсіріп алған.

https://www.instagram.com/reel/DYmWj4ZM-ou/?igsh=ZDJzZjB0NHR4cGg1

Бейнежазбадан байқағанымыздай, ресми бөлім аяқталған соң Мақпал Жүнісова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жақындап, қолындағы сыйлығын ұсынған.

«Аға, мынаны Сізге бере салсам бола ма?» – деді әнші ағынан жарылып.
Президент өз кезегінде жылы шырай танытып: «Әрине, әрине, болады!» – деп жауап берді. Мемлекет басшысы сыйлықты ықыласпен қабыл алып, өнер иесіне шығармашылығы үшін алғыс айтты.

Журналистің мәліметінше, Халық әртісі президентке өзінің әндері жазылған үнтаспасын (дискісін) тарту еткен.

«Апайдың айтуынша, бұл – оның Ақордаға алғаш келуі. Әрі араға ширек ғасыр салып, мемлекет тарапынан алған алғашқы марапаты екен. Сондықтан, көңілде толқыныс барын жасырмады. Әндері жазылған үнтаспасын да ала келіпті. Салтанатты рәсім аяқталған соң Президентке арнайы ұсынып, өткен күндердің естелігіндей ықыласын білдірді», – деп жазды журналист Ақдариға Мұхаддас.

Желі қолданушылары бұл видеоны өте жылы қабылдап, Мақпал Жүнісова мен Президенттің қарапайымдылығына ризашылықтарын білдіріп жатыр.

Связанные Статьи