03 Сәуір, 2017 Әлеумет
Жасанды интеллект және роботтар сайыс алаңына кезекке тұруда немесе АҚШ-тың болашағы Президенттің қолында
Болашақтағы қақтығыстар жайлы сөз қозғалғанда, жасанды интеллекттің шығу тарихы ұзақтан бастау алады: ортағасырлық Големлық еврей дәстүрінен бастап, Уэлстің...
Болашақтағы қақтығыстар жайлы сөз қозғалғанда, жасанды интеллекттің шығу тарихы ұзақтан бастау алады: ортағасырлық Големлық еврей дәстүрінен бастап, Уэлстің роботтандырылған марсиандық машиналары, Дүниежүзілік соғыс және одан арыға дейін. Тіпті, біздің суық соғыс жайлы ең күдікті ойларымыздың түбінде технологияға деген махаббат бар. Әлем Стэнли Кубриктың картинасы Доктор Стрейнджлавпен бітеді: машина әркез қажет.
Соңғы бірнеше жылдан бері адам қиялының барлығын дерлік қол жетімді еткен революциялық технологияның дамығанын көреміз: жасанды интеллекттер мен роботтехникалар әскери технологияның алдыңғы қатарында тұр.
Әскери жүйеде қолданылып жүрген заманауи қақтығыстар әлем бойынша көбірек автоматтандырылған процессорларға тәуелді. АҚШ Aegis ракеталық крейстерде өздерінің зениттік және зымыран қаруынан қорғануға арналған жүйелерді іске асыратын автоматтандырылған жүйелері бар.
Асылында, жасанды интеллект көптеген платформалардың айырмалық белгісі. Таранис прототипі BAE Systems компаниясының ұшқышсыз ұшатын аппараты 2030 жылы пайдалануға берілетін болады, көбіне автономды түрде жұмыс істейді.
АҚШ-тың қазіргі президенті Американың болашақ арсеналы жасанды интеллект пен роботтехникаларға қаншалықты тәуелді болатыны жайлы сұрақтармен бетпе-бет келеді. АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама ғылыми зерттеулер жөніндегі және 2012 жылы автономиялық қаруландыру жүйесін өңдеу мен қолдануға байланысты директиваға қол қойды. 2017 жылы қабылданған шешім әлемдегі ең қуатты халықтың алдағы он жылда соғыс жүргізу жолын анықтайтын болады.
Ғылым біздің этикалық және адамгершілік түсініктерімізден әлдеқайла алға шығып кететіндіктен, роботтехникалар соғыста үрей туғызды. Терминатор стиліндегі роботтардың немесе әуеде кімді жарып жіберетінін өздігімен шешетін ұшқызсыз ұшатын аппараттардың зардаптары мен салдары қоғамдық орындарда ешқашан талқылауға түскен емес. Robot, Human Rights Watch қару-жарақты бақылау жөніндегі халықаралық комитет және the Campaign to Stop Killer Robots сынды кампаниялар бұл жағдайды өзгертуге барын салып отыр. Олар қару-жарақтың автономдық жүйесін өңдеуге толық тыйым салуды көздеп отыр. Алайда, АҚШ бұған келісім беруі екіталай. Пентагон роботтарды АҚШ-тың болашақтағы әскери басымдылығының негізі ретінде анықтап қойды. Бұл негізгі компонент ретінде жүргізіледі. Қарсыластары өздерінің алдын орап кетпеуі үшін көп жылдар бойы соғыста басымдылыққа ие болу мақсатында АҚШ жаңашыл технологияларды зерттеп, қолданды. Бірінші ядорлық қару; екінші нақтылық және ату жарақтары.
Робот платформалар маңызды бола бастайды, американдық стратегтер қарсыластар шығаратын арзан технологиядан ұшақ тасығыш сынды құнды активтерді қорғауға көмектесу керек деп ойлайды. Қытайлық гипердыбыстық зымырандарға немесе Иранның теңіз күштері тарапынан әзірленетін жарылғыш қайықтарға қарсы тұру үшін АҚШ тәрізді әскери күштерге робот пен жасанды интеллектке жүгінуден басқа амал қалмайды.
«Жасанды интеллекттің қажеттілігі – адами агенттікті алмастыру емес, керісенше», – дейді британдық теңіз офицері. – Роботтор мен жасанды интеллектті көбірек қолдану қажеттіліктен туып отыр, себебі ең құнды активтерді сақтап қалуымыз керек. Жасанды интеллекттік технология бірнеше жылдан кейін этикалық проблемалалар мен қауіп-қатер туғызуы мүмкін. Жақтаушылардың пікірінше жасанды интеллект қақтығыс жағдайында үлкен нақтылыққа және әскери қылмыстар мен азаматтық өлімнің азаюына әкеледі. Бірақ қарсыластар роботтардың соғыста бірен-саран автономиялық жолмен бой көрсетуі қақтығыстың сипатын өзгертуі мүмкін деп есептейді.
Ресейдің Украинаға басып кіруі – және оны жетелеген кампаниялардың ауқымды информациялық соғыстары «адами ландшафт» аталатын әскери технологияларға ықпал жүргізу үшін болашақтағы соғыстардың да барынша мәліметтермен және психологиялық операциялармен басқарылатынын көрсетті.
Роботтехникалар мен жасанды интеллект бұл динамикаға қалай толықтырылатынын әлі де анықтау керек.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір