Ауыр дертке шалдыққан баласы үшін істеген әке әрекеті жұртты сүйсіндірді

/uploads/thumbnail/20170710003043560_small.jpg

Ата-ана үшін ең бастысы – баласына тәрбие беріп қана қоймай, онымен жақын дос бола білу. Канзастық кішкентай Габриэль есімді балақайдың әкесінің істегені нағыз азаматқа тән қасиет. 2015 жылдың наурызында сегіз жастағы баланың миында ісік бар деген диагноз қойылды. Қуанышқа орай, балаға ота жасалып, миындағы ісікті алып тастайды. Алайда дерті тарқай қоймаған.

Отадан кейін химиотерапия жасатып, Габриэльдің шашын тақырлап алып тастайды. Ал, құлағының түбіндегі тыртық сырт көзге қатты көрініп тұратын. Сол үшін Габриэль мектепте ыңғайсызданып жүретін. Өзінің достарынан алшқатап, ешкіммен араласпайтын болып кетеді. Себебі, бәрі оның тыртығына қарап, мазақтағандай көрінетін.

Сөйтіп, баланың әкесі Джаш Маршал дәл баласының тыртығындай тату басына тату жасатады.

«Менің ұлым отадан кейін тым ұяң болып кетті. Өзін құдды бір құбыжықтай сезінетін. Содан мен де дәл балам секілді тыртық жасап алуға бел байладым. Жұрттың үрейлі назары баламда ғана емес, екеумізге бірдей аусын» дейді әкесі.

Әке мен баланың басында бірдей тыртығы бар суреті ғаламтор бетінде кеңінен жайылды. Бұны көрген жұрт әкенің істегеніне сүйсіне қарады.

Әкенің бұл әрекеті – жай ғана сөз қылатын дүние емес, баға жетпес іс. Тіпті, әлеуметтік желі қолданушылары оны «Жыл әкесі» деп атап кеткен екен. 

Қатысты Мақалалар