02 Ақпан, 2020 Денсаулық
Ашық дереккөзден
Ғалымдар коронавирус біздің заманымызға дейін 10000 жыл бұрын немесе одан ерте пайда болған болуы мүмкін деп жорамалдайды. Және осы вирусты 4 туысқа жіктейді. Бұлардың жер бетінде ең кең тараған кезі - шамамен б.э.д 3300 жылдан б.э.д. 2400 жыл аралығы болуы мүмкін деген пікірде.
Барлық коронавирустың эволюциясы мен таралуы жылы қанды құстар, жарғатанаттар, бактериялардың денесінде жүріп отырған. 1890 жылы OC43 деп аталатын ірі қара малдың коронавирусы анықталды. Ал 1950 жылдары анықталған адамзаттың NL63 коронавирусы және жарғанаттың MRCA коронавируснан 563–822 жыл бұрын бөлінген. 2003 жылы жаппай таралған SARS коронавирусы 1986 жылы жарғанаттың коронавирусынан бөлініп шыққан. SARS вирусының эволюциялық жолы жарғанатпен тікелей байланыста болған. Ол жарғанаттың Hipposideridae тұқымдасынан басталып, бірнеше тұқымдасына одан жыртқыш сүтқоректілерге таралу арқылы соңында адамдарға таралған.
Коронавирустардың көпшілігі басқа вирустар сияқты - түшкіру, жөтелу, жұқтырған адамдармен байланыста болу немесе олар тұтынған күнделікті заттарға қол тигізу арқылы тарайды.
Қазір таралып жатқан 2019-nCoV вирусы MERS (Таяу Шығыс респираторлық синдромы, 2012 жылы Сауд Арабиядан таралған) және SARS (Ауыр жедел респираторлық синдром, 2003 жылы Қытайдан бастап таралған) сияқты жақын түрлеріне (классификация бойынша барлығы Betacoronavirus туысына жатады) қарағанда өте төзімді штам болып отыр.
Вирус адамзат қоғамында тұрақты түрде таралатын болса оны эндемиялық дейді. Мысалы тауықтың жұқпалы ауруы мен адамзатта тұмау тудыратын вирустар көптеген елдерде кең таралған, бірақ бұл ауруларды вакцинациялау және ауру кезінде адамдарды үйде оқшау ұстау арқылы бақылауға болады.
Қазіргі туындап отырған тағы бір мәселе коронавирустың эндемикалық түрге айналып кету қаупі. Ондай жағдайда, тұмау сияқты, бұл вирустың таралуы кезінде вакцина жасалғанға дейін орасан өлімге алып келуі мүмкін. Себебі, бұл вирусты жұқтырған адамдарда басқа вирус жұққанда байқалатын айырмашылығы бар ешқандай белгілер байқалмай отырғандығы. Сол үшін жұқтырған науқасты дер кезінде анықтау қиын әрі вирустың қаншалықты жұқпалы екендігі қазірге белгісіз. Гонконг университетінің (University of Hong Kong) профессоры Маккей "Біз, бәлкім, бізбен ұзақ уақыт бірге болатын вирусқа тап болып отырмыз" дейді.
Әлібек Ыдырысұлы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір