Қытайда коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 17 205 адамға жетіп, 361 адам қайтыс болды. Жаңартылған мәліметтерді Қытай Мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті хабарлады, - деп жазды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Ақпанның екісінен үшіне қараған түні Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетіне 17 провинциядан коронавирустың жаңа түрінен туындаған вирусты жұқтырған 17 205 адам туралы ақпарат келген. Олардың ішінде 2296 адамның ауыр халде жатқаны, 361 адамның қайтыс болғаны, 475 адамның ауруханадан шығарылғаны анықталды.
Өткен тәулікте аурудың жаңа түрін жұқтырды деген 2829 адам тіркелген. Сонымен қатар, инфекцияның 15 жаңа түрі Гонконгта, Макаода - 8, Тайваньда - 10 тіркелді.
Коронавирустың жаңа түрін жұқтырды деген 21,558 адам дәрігерлер қарауында. Қазіргі уақытта науқастармен тығыз байланыста болған 152,7 мың адам бақылауда.
Пікір қалдыру