• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 06:07:29
Алматы
+12°

Шешенстан президенті Рамзан Кадыров пен Ресей либералды-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский арасында дау туды. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазып жатыр.

Жұма күні (30 қазан) түнде Кукморда (Татарстан қаласы) 16 жастағы жасөспірім аудандық полиция бөлімінің ғимаратын өрт сөндіргіш қоспамен өртемек болған. Оны тоқтатпақ болған полиция қызметкерлерінің бірін жеткіншек пышақпен үш рет жарақаттады. Екінші полицей жасөспірімге оқ атып, ол жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Осы оқиғаға қатысты пікір білдірген Жириновский барлық діни білім беру ұйымдарын жақсылап тексеру керектігін айтты.

– Еуропа Араб және Африка елдерінен қоныс аударушыларды және өздерімен бірге экстремистік көзқарастарды алып келгендерді жалдады. Мұнда еуропалықтар бағасын төлеп жатыр. Әр түрлі уағызшылар осыған ұқсас идеялар әкеледі. Орталық Азияда шетелдік уағызшылар дәріс беретін150 мектеп ашылды. Ол бағдарламаларда христиандарға қарсы, орысқа қарсы жағдайларды үгіттеуі мүмкін, – деді Жириновский бұның салдары экстремистер мен радикалдардың пайда болуына апарып соғатынын айтып.

Бұған Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров telegramm парақшасында жазба жариялап, Жириновскийдің пікірі өзін ашуландырдығанын жазған.

Либералды-демократиялық партияның жетекшісі өз сөзінде мені және менің карикатура туралы мәлімдемемді меңзегенін біліп отырмын. Бірақ бұған дейін мен саясаткер ретінде емес, мұсылман ретінде сөз сөйлегенімді ескерткенмін. Исламда Пайғамбардың бейнесін салуға, әсіресе келемеждеуге болмайды. Сондықтан Жириновскийдің бұл тақырыпты қозғамағаны абзал. Одан да ток-шоуларға қатыссын, сайлауға дейін сатылған мандаттардан алған ақшасын жұмсасын, өзін-өзі жарнамаласын, көшеге шығып, биікке көтерілсін, заң жобаларын әзірлесін ... Бірақ дін туралы айтпа, Жириновский! Дін мен мәдениет деген ұғымдар сенімен үйлеспейді, – деп жазды Кадыров.  

Оқи отырыңыз:

Франция Исламға қатысты карикатурадан бас тартпаса, Кадыров отставкаға кетеді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір