Тоқаев әртістерге қатысты заңға қол қойды

/image/2020/11/02/crop-25_10_697x1239_2020022018395092252_2019101018431629955_97cfa24487eae6a27997.jpg
Президент Қ.Тоқаев мәдениет мәселелерін реттейтін заңға қол қойды.
 
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды" делінген Ақорда сайты таратқан ақпараттық хабарламады.
 
Заң жобасы ұлттық электрондық кітапхананың, фонограмманы қолдану тәртібін, шығармашылық одақтарды мемлекет тарапынан қолдау, қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді шығару мәселелерін реттеуге бағытталып отыр.
 
Заңның толық мәтіні алдағы уақытта баспасөз беттерінде жарияланады.
 
Әзірге белгілісі, енді әртістерге туындыларына бейәдеп сөз қолдануға, көрермен алдына мас күйінде шығуға тыйым салынады. Концерт ұйымдастырушылары фонограмма қолданылатыны туралы ескертуге тиіс.
 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар