• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қазан, 10:26:35
Алматы
+8°

"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021" республикалық байқауының жеңімпазы 6 миллион теңге шамасында сыйақы алады, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі. 

Байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау 1 қарашадан 15 қарашаға дейін жалғасады. Оған оқу орындарының тек штаттағы оқытушылары қатыса алады. Олардың үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі кемінде 5 жыл болып, оқытушылық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері болуы тиіс.

– Конкурс 2 кезеңнен тұрады. Алдымен жоғары оқу орнының ішінде, кейін республикалық деңгейде өтеді. 1Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы1 байқауына қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар білім және ғылым министрлігінің universitycontest.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта қабылданады.

Жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылар құрамынан тұратын сарапшылар тобы келіп түскен барлық құжатты тексереді. Сараптау тобының қорытындысы негізінде жоо комиссиясы конкурсқа қатысушылардың екінші республикалық кезеңге қатысуы туралы шешім шығарады. Республикалық деңгейде құрылған комиссия құрамына ҮЕҰ, БАҚ, студенттік және жастар ұйымдарының, ЖОО қауымдастықтарының өкілдері мен сарапшылар енгізілді, – деді білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" байқауының жеңімпаздары ақшалай ынталандырумен қатар төсбелгіге де ие болады. Байқау ақпараттық жүйе базасында өтеді, конкурсқа қатысушылар барлық кезеңнің ашық өтуін бақылай алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір