Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады өңірдің полиция департаменті хабарлады.
Оқиға 24 қазан күні сағат 20:00 шамасында Орал-Атырау автожолының 209-шы шақырымында, Ақжайық ауданының Ақсуат кентінен 10 шақырым жерде болған. "Lada Vesta" және "Lada Priora" автокөлігі қатты жылдамдықпен соқтығысып, салдарынан екеуі де өртенген.
Жол апатынан "Lada Priora" автокөлігінің Б есімді жүргізуші мен Б есімді жолаушысы көлікпен бірге жанып кеткен. Оларды аман алып қалу мүмкін болмады.
Ал "Lada Vesta" көлігінің Г есімді жүргізушісі мен оның С есімді жолаушысы Ақжайық ауданының ауруханасына түрлі жарақатпен жеткізілген.
Аталған оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру