Маңғыстауда газ құбырына соғылған көлік өртке оранды (видео)

/image/2021/10/25/crop-142_4_569x758_617573773fc7c.jpeg

Маңғыстау облысында мас жүргізуші газ құбырына соғылып, көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлады Лада сайты.

Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты Мұнайлы ауданына кіретін Басқұдық ауылында болған.

– УАЗ Patriot жүргізушісі мас күйінде рөлге отырып, көшеде келе жатқанда газ құбырына соғылған. Соққы салдарынан өрт шығып, көлік толығымен жанып кетті. Оқиға орнына төтенше жағдайлар мен газ қызметінің мамандары келіп, өртті өшірді. Зардап шеккендер жоқ, – дейді полицейлер.

Ал көлік жүргізушісі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы, 3-тармағы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер) бойынша жауапқа тартылған.

Осы бапта 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар