23 Қараша, 2021 NEWS
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бекіткен "30 жылдыққа-30 жұлдызды күн" іс-шаралар жоспары аясында Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Тілдерді Оқыту-Әдістемелік Орталығы "Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік тірегі" атты этнос өкілдері арасында қалалық байқауын ұйымдастырып өткізді.
Мақсаты-қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен мерейін арттыру. Үш кезеңнен (Сәлемдесу, Өнертаным, Мақал-сөздің мәйегі) тұратын байқауда бас-аяғы 11 қатысушы бақтарын сынады. Нәтижесінде бас жүлде 35748 әскери бөлімінің қызметкері Учкун Турсункуловқа бұйырды. Жүлделі I орыннан 6698 әскери бөлімінің қызметкері Нураддин Мұстафаев көрінсе, II орын А.Макаренко атындағы нөмірі 41 мектептің ұстазы Диана Рафаиловнаға бұйырды. III орынға М.Дулати атындағы нөмірі 8 мектептің оқытушысы Оксана Прохоренко лайық деп танылды. Орын алмаған басқа қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.
Айта кету керек, аталған байқауға белгілі кәсіпкер, Балл текстиль кілем зауытының басшысы Талгат Исхахов, қалалық мәслихаттың депутаты Лазиз Сулайманов қолдау көрсетті.
Тілдерді Оқыту-Әдістемелік Орталығы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір