Елде коронавирустан тағы 30 адам қайтыс болды, 2 өңір "қызыл" аймақта

/image/2021/11/24/crop-115_18_1258x1678_ee427767e4c19ec53ab52885216a238a-1.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты соңғы мәліметтерді жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 905 адамнан коронавирус, 150 адамнан пневмония анықталған. 22 қарашада 26 адам коронавирустан, 4 адам пневмониядан көз жұмған.

24 қарашадағы мәлімет бойынша, 28 704 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 943 пациент стационарда, 22 761 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 451 адамның жағдайы ауыр, 126 пациенттің жағдайы өте ауыр, 81 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта.

Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары "Сары" аймақта. 

"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

24 қарашадағы мәлімет бойынша 8 661 498 адам вакцинаның I компонентін, 7 986 343 адам II компонентін салдырған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар