ШЫМКЕНТТЕ АРЗАНДАТЫЛҒАН АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

/image/2021/11/23/crop-48_22_863x1151_748b3dde-48b0-4259-a855-92d85de1c90e.jpeg

 

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен «Қажымұқан» атындағы орталық стадионында жәрмеңке өтті.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, халықты тиімді бағадағы қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету және делдалдық қызметті шектеу болып табылады.

Жәрмеңкеге жалпы 200-ден астам қала кәсіпкерлері және 50-ден астам Түркістан облысының тауар өндірушілері қатысып, қала тұрғындарына сапалы және нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада азық-түлік өнімдері сатылды.

Фото: Шымкент қаласының баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Түркістан облысынына қарасты Түлкібас, Төлеби, Отырар, Қазығұрт, Сарыағаш, Ордабасы, Бәйдібек және Шардара аудандарының жеке кәсіпкерлері қала тұрғындарына 6 тонна ет, 3 тонна сүт өнімдері, 15 тонна картоп, 7 тонна жеміс-жидек, 4 тонна қызанақ, 2 тонна қияр мен жеміс шырындарын ұсынды.

Фото: Шымкент қаласының баспасөз қызметі

Айта кетейік, жәрмеңке барысында карантин талаптары қатаң сақталып, дезинфекциялық өткелдер орналастырылып, төтенше жағдай, жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметтері жұмылдырылды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар