24 Желтоқсан, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ресей президенті Владимир Путин НАТО-мен Женевадағы кездесуден үмітті екенін жариялады. Ал Вашингтон Мәскеудің Украина маңындағы әскерін арттыру мәселесіне байланысты келіссөздер қаңтар айында өтуі мүмкін екені хабарлады.
Путин Украина шекарасы маңында әскери шаралар қолданатынын растап, бірақ Украинаға басып кіру жоспарын жоққа шығарады.
Киевтің қауіпсіздік саласындағы шенеуніктері 100 мыңнан астам ресейлік әскер Украина шекараларына жақын жерге жіберілгенін мәлімдеген. Ал, АҚШ Украинаға шабуыл жасалса, Мәскеуге "бұрын-соңды болмаған" санкция салынатынын ескертті.
Путин НАТО-дан Шығыс Еуропадағы барлық әскери әрекеттерінен бас тартуын және Украинаны мүшелікке қабылдамауды талап етті. АҚШ тарапы Ресейдің бұл талабына әзірге нақты не істейтіні туралы жауап бермеді.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки дипломатиялық келіссөздер бойынша түпкілікті келісім болмағанымен, АҚШ бұл келісімдер бойынша жұмыс істеп, келіссөзді асыға күтетінін айтты.
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лиз Трасс Мәскеудің "қаңтар айында келіссөздерге кірісуге дайын екенін білдіргенін" құптайтынын айтты, бірақ Ресейдің кез келген шабуылы Ресей экономикасына әсер ететін санкцияларға алып келетінін ескертті.
Франция мен Германия бітімгершілікті сақтауға және тұтқындарды айырбастауға шақырады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір