Фото: tengrinews.kz
Ішкі істер министрлігі Алматыдағы тәртіпсіздіктен Ұлттық ұлан мен полицияның 8 қызметкері қайтыс болғанын мәлімдеді.
Тәртіпсіздіктер барысында 317 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері түрлі жарақаттар алып, 8 адам қаза тапқаны анықталды.
Қазір тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін барлық шара қолданылып жатыр.
Алматыдағы митингте тас лақтыру, арматурамен және битамен ұру, жанғыш сұйық затпен шабуылдау әрекеттері болғаны анықталды.
Сондай-ақ мемлекеттік басқару мекемелері, сауда дүкендері, тамақтанатын орындар, банк бөлімшелеріне шабуыл жасалған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір