Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үндеу жариялап, онда ұлттық қауіпсіздік шарт ұйымындағы серіктестерінен әскери көмек сұрау қажеттігі туралы айтты.
– ҰҚШҰ серіктестеріне жүгіну орынды және уақытылы деп санаймын, – деді мемлекет басшысы.
Еске салайық, Алматы мен Қазақстанның батысындағы тәртіпсіздіктерге байланысты бүкіл Қазақстан бойынша төтенше жағдай енгізілген болатын.
Тәртіпсіздіктер барысында 317 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері түрлі жарақаттар алып, 8 адам қаза тапқан. Алматыда жаппай тонау болып жатыр.
Қазір тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін шаралар қолданылып жатыр.
Пікір қалдыру