Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған құзырлы орган өкілдерінің саны белгілі болды

/image/2022/01/06/crop-85_19_691x921_eb5c00de-2d87-40b6-a78f-cbc067ae37a9.jpeg

Ішкі істер министрлігі Алматыдағы тәртіпсіздіктен Ұлттық ұлан мен полицияның 8 қызметкері қайтыс болғанын мәлімдеді.

Тәртіпсіздіктер барысында 317 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері түрлі жарақаттар алып, 8 адам қаза тапқаны анықталды.

Қазір тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін барлық шара қолданылып жатыр.

Алматыдағы митингте тас лақтыру, арматурамен және битамен ұру, жанғыш сұйық затпен шабуылдау әрекеттері болғаны анықталды.

Сондай-ақ мемлекеттік басқару мекемелері, сауда дүкендері, тамақтанатын орындар, банк бөлімшелеріне шабуыл жасалған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар