• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қараша, 02:02:18
+12°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті үндеу жолдады. Бұл жолы ол ел алдына Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде шықты. Бұған дейін Қауіпсіздік кеңесін Нұрсұлтан Назарбаев басқарған.

– Еліміздегі ахуал өте күрделі. Менің осыған дейін жасаған бірнеше үндеуіме қарамастан өздерін "ереуілшілер" деп атайтын адамдар тобы қасақана түрде жағдайды ушықтырып отыр. Еліміздің тең жартысына жуығында қақтығыстар орын алуда. Әсіресе, Алматыдағы ахуал өте күрделі. Біздің сүйікті қаламызда құқық қорғау қызметкерлеріне жаппай шабуыл жасалып жатыр. Олардың арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Бұзақы топтар әскери қызметшілерді ұрып-соғып, көшеге жалаңаш шығарып, мазаққа айналдыруда. Әйелдерді зорлап, дүкендерді тонап жатыр, – деді президент.

Тоқаев Алматының барлық тұрғындарына қауіп төніп отырғанын жеткізді. Осыған байланысты бірқатар өңірде төтенше жағдай енгізді.

– Президент ретінде, мен, азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға, Қазақстанның тұтастығына алаңдауға міндеттімін. Менің қабылдаған шараларым көп ұлтты Қазақстанның игілігіне бағытталған. Алайда бұл шаралар жеткіліксіз болып тұр. 

Бұзақы топтардың әрекеттері жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көріп отырмыз. Бұл қаржыландырылған бүлікшілердің жан-жақты ойластырылған жоспары екенін дәлелдейді. Бұл – қаскөйлердің қитұрқы әрекеті.

Сондықтан мемлекет басшысы және бүгіннен бастап Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде барынша қатаң әрекет етемін. Бұл – өмірін қорғап қалуға өтініш білдірген көптеген азаматымыздың қауіпсіздігіне қатысты мәселе.

Бұл – мемлекетіміздің қауіпсіздігіне тікелей қатысты. Халық мені қолдайтынына сенімдімін.

Қандай жағдай болса да мен елордада боламын. Халықпен бірге болу – менің Конституциялық міндетім. Біз жұмыла отырып, Қазақстан тарихындағы осы сын сағатты бірге еңсереміз. Бұдан шыңдалып шығамыз. Жуырда Қазақстанды саяси трансформациялау жөніндегі жаңа ұсыныстарымды жариялаймын. Мен дәйекті реформаларды бұрынғыдай жалғастыра беремін, – деді Қ.Тоқаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір